Негізгі мазмұнға өту
Өмір ағымыҚанағат әкелі Махаббат

III тарау

III. Ұрпаққа аманат

20 жол өлең

Мен дағы оқымағам білім таяз,Балалар білгенімді жаздым біраз.Толықтап ұрпақтарға жазарсыңдар,Осы мен тоқтатайын болсаң ыраз.Құдай бір, Құран шын, пайғамбар Хақ,Болсыншы жаратушым құдайым жақ.Ойлаған арманыңа жете бергей,Бір Алладан басқа қуатым жоқ.Үлкендер әңгіме айтар малдас құрып,Әр нені жазғаным ғой салғастырып.Бәрің де оқығансың көзі ашық,Жазыңдар ары қарай жалғастырып.Қара сөз жаза алмайын тілім шорқақ,Тарих біле жүрсең бәріңе ортақ.Шамамша білгенімді жазған болдым,Ары қарай жазарсыңдар сендер жалғап.Мен өзім оқымаған білерім аз,Жүрмеген ішпен сыртқа көргенім аз.Көргенім көз ашқалы мал мен жұмыс,Тынымсыз дем алу жоқ қыс пенен жаз.