Негізгі мазмұнға өту
Өмір ағымыҚанағат әкелі Махаббат

Қосымша

Шежіре толықтырулары

24 жол өлең420 сөз4 сурет

Қошақ ұрпақтары — толықтыру

Қошақтан: Есендәулет, Тоқдәулет, Қазыбай, Айтбай деп айтады екен.

Ал енді Қазыбайдан: Еламан, Маламан — бұл екеуі Алтайда қалған дейді. Бардыбай, Қиғылық — осы Моңғолияға асып келген деп. Қазыбайдың Қиғылық кенжесі деп те айтады.

Осы жерде мен жақсы түсінбейтін бір жағдай бар. Түлікаман деген бір атаның атын көп естідім. Қазыбайдан туа ма, жоқ әлде немере бала ма — жақсы түсінбеймін. Осы жерде қалайдан-қалай екенін білмедім, шешіп айтатын кісі болмады.

Осыны білетін — Қошақ атаның тарихын жазған ағамыз, Ұланбатыр қаласында тұратын Сайырхан ұлы Нәбидолда ағайдан сұрап білдім. Еламан, Маламан, Түлікаман — бір ағайын дегенді сол ағамыз айтып берді.

Нәбидолда Сайырханұлы

Нәбидолда Сайырханұлы

Құрылыс инженері. 1948 жылы Моңғолия Қобда аймағының Қобда сұмынында туған. 1966 жылы Қазақстанның Жамбыл облысының Жамбыл қаласында құрылыс кәсіптік техникалық училищесін қалаушы мамандығымен бітірген.

1973 жылы Ұланбатырдағы құрылыс техникумының құрылыс технигі, өндіріс үйрету мастер-мұғалімі мамандығымен, 1981 жылы Моңғолияның мемлекеттік университетін құрылыс инженері мамандығымен бітірген. Кейіннен Моңғолияның құрылыс қаражатын жобалаушы, басқарушы дәрежелі мамандығын игерген.

1989 жылы Кеңес Одағының Мәскеу қаласындағы құрылыс қаражатын жобалау бойынша мамандық жетілдірген.

Құрылыс қалаушысынан еңбек жолын бастап, 1966–1971 жылдары Ұланбатыр қалалық құрылыс тресінде қалаушы, 1973–1983 жылдары Ұланбатырдағы техникалық көмек көрсету құрылыс тресінде лимит технигі, құрылыс технигі, өндіріс құрылыс кеңсесінде бас инженер, 1983–1993 жылдары құрылыс өндіріс зерттеу ғылыми институтында инженер, аға ғылыми қызметкері, 1993–2008 жылдары Ұланбатырда құрылыс компанияларында инженер, бас инженер, құрылыс бөлімінің бастығы қатарлы қызметтерін атқарып құрылыс саласында 32 жыл жұмыс істеген.

Зейнеткер. Жұмыс табысымен еңбек, мерекелік медальдармен сыйланып, «Моңғолия озат құрылысшысы» атағымен марапатталған.

Ақбай ұлы Кеңшілік (Кекей)

Кеңшілік (Кекей) ата мен бәйбішесі Қарашаш

Тоқпақтан — Нәукебай, Іштікбай, Тоқымбай. Тоқымбайдан — Ахмет пен Ақбай; Ахметтен бала болмаған.

Ақбай атамыздың бәйбішесі — Мәрия. Кіші апамыз — Кекей атамыздың шешесі Бәтима, руы Жәнтекей, Сәрік. Бәтима апамыз асқан сұлу, өңді-ретті, кербез кісі болған екен: он саусағына күміс жүзік, білезік салған, сондай сері кісі болған дейді.

Ақбайдан бір ұл, бір қыз: ұлы — Кекей, шын аты Кеңшілік; қызы — Ләтипа. Ләтипа — Кекей атамыздың әпкесі; Дэлүүн сұмынындағы Мұратқан ұлы Тоқтарбай деген кісімен отбасын құрған. Тоқтарбайдың руы — Жәнтекей ішінде Қаражан.

Кеңшілік атамыздың бәйбішесі — Қасен қызы Қарашаш, руы Жәнтекей, Сәрік Шәку.

Ұлдары: Нағашыбай, Елубай, Рысбай. Қыздары: Лима, Дарима, Карима, Алма, Кенжегүл.

Үлкен ұлы Махаббат қайтыс болған — автормен құрдас екен, атын автордың әкесі қойған. Ұлы Қуанбай осы жаққа көшіп келген соң қайтыс болған.

Кеңшілік атамыз Ұлы Құрыл депутаты болып, мінберде сөз сөйлеген.

Кеңшілік (Кекей) ата мінберде сөз сөйлеп тұр
Кеңшілік (Кекей) ата

Бұл атамыз әкеден жастай жетім қалған,Өмірдің қиын тауқыметін көрді басқа салған.Алланың қуатында ер жетіп азамат боп,Жас күнде көрген бейнет арта қалған.

Жас өсіп, жарлы байыды дегендейін,Ол кісінің ешкім білмес көргендерін.Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас деген қазақ,Ескеріп сұраған жан жоқ өмір зарын.

Ол атам туыстардан ұзақ жүрген,Үлкендер ерте кетті көзін көрген.Керек болар деп елемеген кейінгілер,Оқыған-тоқығандар мән бермеген.

Аянбай терін төгіп еңбек етті,Халықтың деп атанды мықты азаматы.Қажырлы еңбегінің арқасында,Атанды Ұлы Құрыл депутаты.

Ер жігіт неше арып, семірерсің,Бір Алла басқа салса, не көрмессің.Жасымда бейнет, қартайғанда дәулет бер деген осы,Мақалын бұрынғының түсінерсің.

Азғана өз шамамша жазғаным ғой,Аяғын бұдан артық созбадым ғой.Мен мұны мықтылықпен жазғаным жоқ,Кім-кіммен туыстығын біле жүрсін деп жазғаным ғой.

Абақ Керей тарихына толықтыру

Орта жүздің атақты биі Дана биден туған Уақ-Керей ағайынды екен. Содан Ұлы жүздің қызы Абақты Керей алған дейді. Содан туған Ашамайлы деп атақты ғұлама Ақыт қажы Үлімжі ұлы тарихқа жазған. Кейбіреу Абақ әйел емес еркек деп жүр.

Ұлы атам да айтып отыратын: «Он екі Керей Абағым, он екі Керей Абағым» деп әндетіп отыратын.