II тарау
II. Шежіре: Абақ Керей тегі
432 жол өлең
Адам атадан бастау
Тілеймін қуат бер деп бір Алладан,Құтылған пәнде барма сұм ажалдан.Ғаламды он сегіз мың жаратушы,Туыппыз Адам ата Хауа анадан.Адам зат осылайша туып өскен,Өтіпті талай ғасыр талай белден.Мендағы оқымаған білерім аз,Ұққаным шала-шарпы үлкендерден.Әріптен де терістік жазылады,Білерім аз түбім таяз белгілі арғы жағы.Қолым сыңар шамам солай,Атаңның белгілі ғой шама-қалы.Ақ табан шұбырынды көшкен қазақ,Көріпті қиыншылық талай азап.Сан ғасыр азып-тозып келсе дағы,Сақтаған ата салтын неткен ғажап.Бір кезде қазақ деген көшіп қонған,Білмеген басқа нәрсе сірә бұдан.Көргені көз ашқалы бес-он малы,Санасы еш нәрседен оянбаған.
Абақ Керей
Бертінде Абақ Керей атаныпты,Ішінен он екі ата боп саналыпты.Біреуі он екінің Молқы ата боп,Осылай Молқы руы таралыпты.Он екі Абақ Керей деп айтады,Атаңның сондайлау ғой шама-шарқы.Керейдің әйелі екен Абақ ана,Ғұлама Ақыт қажы деп айтады.Атанған Абақ Керей он екі ата,Айтқан сөз Хақтан өзге бәрі қата.Ұқаным үлкендерден бұрын-соңды,Біреуі он екінің Молқы ата.