Негізгі мазмұнға өту
Өмір ағымыҚанағат әкелі Махаббат

Қосымша

Отбасы суреттері мен арнаулар

140 жол өлең17 сурет

Қайран менің әке-шешем

Қанағат пен жұбайы

Әке-шешем кеттің озып өмірден,Кетсең де өтіп өмірден кетпейсің мәңгі көңілден.Елестеп жарқын жүздерің,Көз алдымда тұрғандай боп мәңгі тірі сезінем,Шықпайсың әр кез есімнен.Артық кетсем кешірген,Қанаттыға қақтырмай адам бол деп,Тәрбиелеп мәпелеп бағып өсірген.Бір Аллам ата-анама берсін иман,Әркімнен де қаларсың дүние қоқ теріп жиған.Ұрпағың артта қалған өсіп-өніп,Алланың қуатында жүрміз есен-аман.Өмірдің заңы солай біреу кетіп біреу келер,Жан пәнде басқа салса нелер көрер.Дүниенің баяны жоқ қызыл түлкі,Ғаламды он сегіз мың жаратқан Алла шебер.Өмірден мен де кетем ол да кетер,Ойласаң шолақ жалған бәрі бекер.Жалған өмірге кім келмейді кім кетпейді,Уақыт тоқтамастан аттай желер.Өстіп жүріп уақыт өтер күн-түн демей,Бітіп жатқан ісің жоқ қалар бітпей.Күйбің тірлік тағы да таң атады,Мұрынға су жетпестен шама келмей.Жалған дүние қызықтырар көзіңді алдап,Білдірместен сұм ажал салар қармақ.Шыбын жанға тигізер пайда жоқ,Қу дүние қаларсың жиған-тырнап.Айтқан сөз Хақтан өзге бәрі қата,Жан жарың бала-шағаң қалар артта.Бір Аллам берсін иман ол жалғанда,Тек қана әкетерің екі кез мата.

Марқұм ағам мен жеңгем

Марқұм ағам мен жеңгем

Әке орнына әкемдей болған ағам,Бауырларың өзіңді паналаған.Көкем-көкем деуші едік ауыл болып,Қолда барын біздерден аямаған.Қамқоршы едің жан аға біздер үшін,Қадірлеуші ек ағажан үлкен-кішім.Болмағанды барушы ек сізден сұрап,Көз алдымнан кетпейді өңмен түсің.Еркелеткен кенжем деп асыл жеңгем,Өте шықтың өмір-ай аттай желген.Кеше ғана секілді қусаушы еді,Басқа келмей өмірді кімдер білген.Бір Алладан тілерім иман берсін,Өткеннен соң өмірді өкінерсің.Өлгенімше ұмытпаймын аға-жеңгем,Пайғамбарым ақ туының астында кезіктірсін.

С. Қанағат пен С. Інжу

Аға-жеңгем Шерік пен Қауария

Суретте: Шерік, Қауария
Суретте: Махаббат, ағасы Шерікпен бірге

Екінші аға-жеңгем Шерік Қауай,Сіздерді кете алмадым хатқа жазбай.Бәріміз бір ұяда өсіп едік,Артыңнан еріп жүрдік бала қаздай.

Ойласаң көзге елес кешегі өмір,Жасиды бәрін ойлап қайран көңіл.Тумақ сүннет өлмек парыз,Уақыт келген күні осылай қала берер өтіп өмір.

Өлмесе бұрынғы ел қайда адам қайда,Қаламыз өліп-өліп әрбір сайда.Алладан бұйрық келген күні кетеміз ғой,Ажалға еш амал жоқ қылар айла.

Бір Алла өткендерге берсін иман,Қалады өлгеннен соң теріп жиған.Ата-ана аға-бауыр жарың балаң бәрі қалар,Тек қана ап кетерің ақыретің алар бұйым.

Аға-жеңгем Еренғайып пен Ақжібек

Суретте: Еренғайып, Махаббат

Күдерді үзе көрме бір Алладан,Аз күнге қонақ екен мына жалған.Әркімге Алла берген ғұмыры бар,Қашсаң да құтылмайсың сұм ажалдан.

Әке мен шешеден артық жан бар ма?Тілеуіңді тілеп отырар жүрсең де алыс шалғайда.Ойлаумен қу анашың сені сағынар,Амандық бер деп Алладан тілеп жалына.

Кетті ғой әке-шешем паналарым,Ағалар бір сіздерді жағаладым.Кәрінің біз де бірі болдық міне,Ұрпақтар аман жүрсін балаларым.

Жастарым аман жүрсін келешекте,Сендер аман жүріңдер біз өлсек те.Алланың мұнысына сансыз шүкір,Мінекей келіп жеттік біз жетпіске.

Біз дағы азды-көпті ғұмыр кештік,Өмірден жақсы-жаман көріп өстік.Түгел жүрмес түгесіліп қалмас деген сөз бар,Кештік өмірің болса мал жи деген түстік.

Молқы руы мен өмір толғауы

Руым он екі Керей ішінде болам Молқы деген,Біреуі төрт Молқының Қошағы екем.Естіген құлақта жазық жоқ деп,Кенжесі деп Қошақты айтады екен.Тараған сол Молқыдан төрт ұл дейді,Сөзімді жазғаным ғой тарих жайлы.Бұрынғы ескі көздер өтті өмірден,Мән беріп келер ұрпақ қарамайды.Бұл өмірден мен де кетем келсе бұйрық,Ұрпағым аман жүрсін жал мен құйрық.Түгел жүрмес түгесіліп қалмас деген дейін,Уақыт бір қалыппен өтер жылжып.Ұшады қыран бүркіт аспан менен,Мезгілсіз таң атпайды сасқан менен.Алланың бұйрығынан құтылмайсың,Ажалдан басыңды ала қашқан менен.Өлшеп берген өмір бар жан пәндеге,Артық кетіп жүрмейік болар-болмас әр нәрсеге.Байбаламнан түк шықпас,Сабырлықпен қарайық бәріне де.

Жағыпар ұлы Ясауи Сәби

1898 жылы туған — 1974 жылы бақи болған.

Жағыпар ұлы Ясауи Сәби
Ж. Сәби мен А. Зәбила

Ұлы атам апамыздың көрдім көзін,Естідім өз аузынан айтқан сөзін.Иіскетіп екеуіне маңдайымнан,Қолынан апамыздың таттым дәмін.Бір Аллам өткендерге иман берсін,Кейінгі ұрпағына ғұмыр берсін.Мал-жанды бақ-дәулеті болған еді,Ұлы атам бақ-дәулетін бізге берсін.

Сәби ұлы Шоқал

Сәби ұлы Шоқал

Қобда сұмынындағы «Тариалан» бірлестігі 2-бригадасының малшысы С. Шоқал — аймақ пен сұмынның алдыңғы қатарлы аңшысы. С. Шоқал соңғы бес жылда 30-дан астам қасқыр, 800-ден астам суыр мен сарышұнақ аулап, сауда ұйымдарына тапсырған.

Суретте: аңшы С. Шоқал тірідей ұстаған қасқыр бөлтірігінің терісінің сортын көтеріп, саудаға тапсыруға дайындап жатыр.

Суретті түсірген — Н. Насанбат.

Сурет пен жазба моңғол газетінде жарияланған, жазба қазақшаға аударылды. Газетте есімі моңғолша «С. Чойхол» деп жазылған. Газеттегі сурет қалпына келтіріліп, жылы реңк берілді.

Сәби ұлы Шоқалдың портреті
Шоқал мен Әсия, отбасымен
Шоқал, інісі Үйісбек және балаларымен

Бір Аллам берсін иман атамызға,Тарих боп аты қалды аңызға.Келешек осы атақ жұғысты боп ұрпақтарға,Атанайық көкбөрінің ұрпақтары баршамызда.

Екі елде тірлік еткен туыстарым

Екі елде тірлік еткен туыстарым.Қаламын көңілденіп кең дем алып тыныстарым.Бас қосып бір дастарқанда кез боп қалдық.Ілгері алда болсын жұмыстарың.

Ағайын бұл отырыс екі келмес.Қалармыз кейінгіге болып елес.Алланың бұнысына сансыз шүкір.Осылай отырған ек деп ұрпақтар айтар кеңес.

Бұл өмір мәңгі тұрмас қалыбында.Айтпай-ақ түсінесің барлығың да.Бүгін бар да ертең жоқ пәни жалған.Қанша дөкей болсаң да Алланың кім көнбейді жарлығына.

Жібердім тілеу тойдан бір естелік.Ден сауда бас аман да не деспедік.Ағайынның азары болса да безері жоқ.Туыстар өкпе аразды кешірейік.

Ақ тілек

Бір Аллам берсін балам есендігін,Үйісбек атаң берсін жасын, шешендігін.Қырандай шыңнан шыңға самғап ұшып,Ауылдан туып шыққан бірі болғай өнерлінің.

Жорытқанда жан балам жолың болсын ашық,Мың бір атты пәледен, жүз бір атты кәтер болсын қашық.Жар болып жаратушы Алла қолдап,Көңілің әрқашан да жүрсін көлдей тасып.

Бауыры Едіге алғаш рет телеарнаға шығып, IT саласы бойынша сұхбат бергенде жазылған ақ тілек (2026 жылғы қазан).

Суретте: Гаухар, Құдыс, Амантай, Махаббат, Манарбек, Кәбетай Ережепұлы (Әзипаның бауыры, Қобда аймағының атақты бүркітшісі), Еренғайып, Базар, Әзипа, Әмина, Кәлимаш
Суретте: Махаббат, Еренғайып, Амантай
Суретте: Махаббат, әскери қызмет жылдары
Суретте: Махаббат пен жұбайы Сұлушаш, жайлауда
Суретте: Бақытбек, Еренғайып (Монғолияның еңбек сіңірген дәрігері), Махаббат