Негізгі мазмұнға өту
Өмір ағымыҚанағат әкелі Махаббат

Автор

Қанағат әкелі Махаббат

Қанағат әкелі Махаббат — автор
«Өмір ағымы» кітабының авторы
Кітап
«Өмір ағымы»
Мазмұны
Өлеңдер, шежіре жырлары мен әңгімелер
Жинақтаған
Радолда Едіге
Жылы
2026
Көлемі
13 тарау · 1500 жол өлең

Автордың қорытынды сөзі

Осымен тоқтата тұрайын. Жеті атаны өздерің ары қарай толықтап жазып аларсыңдар. Артық-кемі болса кешірім сұраймын.

Шама-шарқымша жазған болдым. Көз ашық, көкірек ояу, оқыған менен ойлағанда, ішпен сыртқа жүрген нәрсені көрген, оқып-тоқыған, келешекке ой жүгірте ұмтылатын талапты жас түлектерім — асар асуларың алда, келешекке самғай ұшуларыңды тілеймін.

Ойлаған арман-мақсаттарыңа жетіңдер, қанаттарың талмасын! Заңғардан заңғарға жетіңдер, жастарым.


Басында менің әкем айтып, Жіксал ағамыздың жазғанын өздеріңе жібергем болатынмын, соған қарап оқып танысыңдар. Біраз қателер болуы мүмкін, кешіріммен түзетіп оқуларыңды тілеймін, ардақты да аяулы менің туыстарым.

Ойлаған ой арман-мақсаттарыңа жетіңдер. Әрқашан жүздеріңнен күлкі кетпесін, бақыттың базарында, Алланың назарында болыңдар.

Бір Аллам жар болсын баршаңызға, сәлем.

Жазған: Қанағат ұлы Махаббат

Авторы жазған

Тарауды толық оқу

Кітап туралы

Бұл сайт «Өмір ағымы» кітабының толық сандық басылымы. Мәтін кітаптың қолжазбасынан алынған, өзгертілмеген. Кітап тегін таратылады, тіркелудің қажеті жоқ.